Сайт средней общеобразовательной школы №7 г.Уральска

№7 жалпы орта білім беретін мектеп сайты

Меню сайта
Форма входа
Гүлмира Ғазезқызы Құмарғалиева
№7 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 
Сабақтың тақырыбы: Менің қалам. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.(9 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Туған қаласының тарихымен тереңірек танысу; алған білімдерін тексеру.
Тәрбиелік : Отанын, елін, туған қаласын құрметтеу.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін , тіл байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: қалыпты
Қолданылатын әдістер:
Сұрақ-жауап, ойландыру,
Жұмыс түрлері: жекеше, топтық, жалпы, деңгейлік
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, география
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, Орал қаласындағы ғимараттар суреттері, ақын-жазушылар туралы журнал, үн таспа, эпиграф, граматикалық тапсырмаға арналған кесте
 
Мұғалімнің сөзі:
 - Балалар, біз сіздермен ежелгі қалалар туралы оқып , тарихымен танысып жатырмыз.
- Ежелгі қалалар қандай жерлерге салынған?
- Астана қаласы қай өзеннің жағасына салынған?
- Астана қаласы бұрындары қалай аталды?
- Қашаннан бастап жаңа атауға ие болды? -
 Астана қаласының белгісі не? Нені білдіреді?
«Таңбасыз ел болмайды» дегендей Орал қаласының белгісі туралы айтып өтейін.
 

Геральдика іліміне сәйкес қаламыздың таңбасында рухани және материалды құндылықтарымыз, оның географиялық орналасуы, тарихи мәні, табиғат байлықтары, мәдени мұрасы бейнеленген.
 
Енді Орал қаласының тарихымен танысатын мәтіндермен танысайық.
І. Орал - облыс орталығы. Орал тауы мен Орал өзенінің атымен қойылған. Орал тауы-Еуропа мен Азияны бөліп жатқан, ұзындығы 2000 шақырымға жуық биіктік. Орал қаласы 1613 жылы Орал өзенінің жағалауында қаланған.Солтүстікте Ресей мемлекетінің Самара, Орынбор, Саратов облыстарымен, солтүстік шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау, батыста Астрахань және Волгоград облыстарымен шектеседі. Орал қаласы 1773-1775 жылдары Е.Пугачевтің бастауымен болған шаруалар көтерілісіне дейін Жайық қаласы деп аталған. Халқымыздың көне өзені өзінің төл атауынан 1775 жылы айырылды. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жеңіліске ұшырағаннан кейін, оның көсемі өлтірілгеннен соң, халық санасындағы көтеріліс туралы және оның басшысы туралы материалдарды жою мақсатында Екатерина ІІ патша Жайық өзенін Орал(Урал), Жайық қалашығын Орал(Уральск) деп өзгерту туралы жарлық береді. Қала біртіндеп үлкейе бастайды. Ағаш үйлердің орнында тас ғимараттар бой түзеді.ХІХ ғасырдың басында Орал қаласына шақырылған итальяндық сәулетші Дильмединоның жобалары бойынша Жайық бойында әйгілі Петербор қаласын елестетер көптеген әсем үйлер тұрғызылды.
 
ІІ. Батыс Қазақстан облысының басты қаласы Орал – тарихи оқиғаларға бай қала. Орал қаласында орыстың атақты ақын-жазушылары – А.И.Крылов, А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, М.Л.Михайлов, Т.Г.Шевченко, В.Т.Короленко, Д.А.Фурмановтар болды. Татар классигі Ғ.Тоқайдың шығармашылық өнері Оралдан басталса, атақты мысал жазғыш И.Крыловтың балалық шағы осы қалада өтті. А.С.Пушкин «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастанын жазып алып, «Капитан қызын» біздің қаламызда бастап жазды. Крепостной шебер Е.М.Артамонов дүние жүзіндегі алғашқы қос дөңгелекті велосипедті осы қалада ойлап шығарып, соған отырып Москваға барған. Оралда әкелі-балалы Черепановтар тұңғыш орыс паравозын жасап шығарды. Игнатий Сафонов Оралда бірінші су турбинасын жасап, орнатты. Иван Ползунов дүние жүзіндегі бірінші бу машинасын осы Оралда ойлап шығарды. Радионы ойлап тапқан А.С.Попов Оралда туған.
 
ІІІ. Орал - Республикамыздың тарихи ескерткіштерге бай, көне қалаларының бірі. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, батылдыққа тәрбиелейтін, қазақ халқының қос батыр аруларының бірі-М.Маметоваға арналған мұражай үйі Сарайшық көшесінде орналасқан. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ даласының өмірін басқа халықтарға танытқан ұлы орыс ақын-жазушысы А.С.Пушкинге арналған ескерткіш те бар. Орал - Пушкин болған Қазақстандағы жалғыз қала. Қаламызда Республикалық «Қызыл кітапқа» енген ескерткіштердің бірі: Е.Пугачев үйі Достық даңғылы бойында, Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Мұражайда орыс халқының XVIII ғасырдың басында патша үкіметінің зорлық-зомбылық саясатына қарсы шаруа көтерілісінің басшы жетекшісі Е.Пугачев өмірін және осы көтерілістің тарихын суреттейтін көптеген деректер жиналған. Достық даңғылында ертеде «атаман үйі» болған, қазір А.П.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасы, «Карев үйі» деп аталатын зәулім үйде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы, сауда үйі, Азамат соғысы кезінде комиссариат орналасқан облыс әкімшілігі, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры орналасқан.
 
Тест сұрақтары (Жабық, өздері жауабын жазады)
А тобына
1. Орал қаласы қашан қаланды?
2. Ресейдің қандай елдерімен шектеседі?
3. Орал қаласы 1773-1775 жылдары қалай аталды?
4. Кімнің жарлығы бойынша өзгертілді?
5. Орал қандай қала?
6. Қазақ даласын басқа халыққа танытқан ұлы орыс ақын-жазушысы кім?
7. Сарайшық көшесінде қандай мұражай бар? Ол кім?
8. Республикалық «Қызыл кітапқа» енген тарихи орын
9. Ертедегі «атаман үйінде» қазір не орналасқан?
10.Ғылыми-әмбебап кітапхана кімнің атында?
 
Б тобына
 
Кітаптағы 2-тапсырма (сұрақтарға жауап жазу)
Проблемалық сұрақ: Егер мен әкім болсам.........
Грамматикалық тапсырма:
1. «Менің қалам» тақырыбына қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрастыр.Синтаксистік талдау жаса.
2. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. Қала әкімшілігі қаланың дамуына көңіл бөледі .
Қорытындылау: - Балалар , біз бүгін сабақта не туралы оқып, білдік?

Сабағымызды Зәкария Сейсенғалиевтің сөзіне жазылған «Ақ Жайық – ару мекенім» әнін Донеділ Қажымовтың орындауында тыңдаумен жалғастырамыз. Шежірең бар таусылмайтын сан қилы, Алқабыңда дән-дария шалқиды. Тербетіліп толқынында ғашықтар, Ән самалы көк күмбездей қалқиды. Қайырмасы: Ақ Жайығым,айдай ару мекенім, Жыл құсындай сағынышпен жетемін. Туған жердің ажары мен айбары, Жерұйығым,сені мақтан етемін. Қайырмасы: Ақ Жайығым,байтағым боп барасың. Ақ Жайығым,жүрегімде дарасың. Сылдыр қағып,сыбырласып,сырласып, Еркелене,бұралаңдап ағасың. Қайырмасы: Ақ Жайығым,өрнектелген сән кестем, Ақ Жайығым,жота-жота дән дестем. Жағаңа кеп бар дауыспен шырқайын, Өзіңе арнап кетпейтіндей әнді естен. Қайырмасы:
 
М.Ықсанов атындағы көшемен жүріп келе жатқанда алдыңнан әдемі бір ғимарат кездеседі. Ол –Білім ордасы. Ол - біздің мектеп. Мектеп тарихы туралы әңгімелеу.
 
Сабаққа қатынасқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Болашақтағы қала» тақырыбына шығармаға дайындық. Пікір: Туған қаламыздың тарихымен толық мағлұмат алды. Қосымша метериалдар арқылы сөздік қорын байытып, проблемалық тақырып арқылы өзінің тұратын қаласының болашағын әңгімеледі. Қолданылған әдебиеттер: Өмірбаева К.О. Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер,Ақтөбе,2001 Т.Азовская, С.Танабаева «Бүгінгі Орал»
Поиск
Календарик
«  Ноябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Погода


адрес школы: Ихсанова 111, тел: 51-36-55
Copyright MyCorp © 2017