Сайт средней общеобразовательной школы №7 г.Уральска

№7 жалпы орта білім беретін мектеп сайты

Меню сайта
Форма входа
Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында. Тәуелдік жалғау.
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: Оқушылардың қазақ тіліндегі тәуелдік жалғау туралы алған білімдерін пысықтау. Өтілген материалдарды қайталай отырып, хайуанаттар бағына саяхат жасау, аңдар тақырыбын кеңінен ашу. Ауызша, жазбаша сауаттылықтарын арттыру. 2) Тәрбиелік: Жануарларды сүйе білуге тәрбиелеу және олардың адамға берер пайдасын ұғындыру.
3) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту, сөздік қорларын байыту, мәнерлеп оқуға үйрету және түсінгенін әңгімелеп айту дағдысын жетілдіру.
Сабақтың түрі:
                        әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойнату, ойлату
 Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Үй жұмысының мақсаты: Үй жануарлары туралы әңгімелеп, олардың пайдасы туралы толық мағлұмат беру.
 а) Үй жұмысын сөзжұмбақ арқылы қайталау. (Интерактивтік тақтада сөзжұмбақпен жұмыс)
 ә) Берілген сөзжұмбақты шешіп, әр мал туралы әңгімелеу
1. Түйе
Түйе туралы не білесің?
 2. Сиыр
Сиыр туралы не білесің?
3. Мысық
 Мысық туралы әңгімеле.
 4. қой
 Қой туралы не білесің?
5. Ит
 Иттің пайдасы қандай?
3. Жұмбақтар шешу (Интерактивтік тақтада жұмбақпен жұмыс)
 Қортыныдылау сұрақ-жауап арқылы
- Бұл қандай жануарлар?
 - Бұл үй жануарлары
а)Кестені толтыру. Жануарлардың түрлерін атап, үй жануарлардың адамдарға пайдасы туралы әңгімелеп, жазу. (Интерактивтік тақтада үй жануарларының пайдасын кестеге толтыру)
                    Үй жануарлары
                    Ет, сүт, тері, мамық аламыз. Үй күзетеді. Көлік болады. Тышқан аулайды.
 Жаңа сабаққа көшу тәсілі: сөзжұмбақ арқылы өтеді
- Бұл қандай жануарлар? – деген сұрақпен оқушыларды жаңа сабаққа бағғытау.
- Бұл – жабайы жануарлар. - Бүгін біз жабайы аңдармен толық танысу үшін хайуанаттар бағына саяхатқа барамыз.
Жаңа тақырып:
Сабақтың тақырыбы , мақсатымен таныстыру.
Сабақтың мақсаты: Хайуанаттар бағына саяхат жасап, аңдар тақырыбын кеңінен ашу. (Интерактиивті тақтада жазылып слайд түрінде тақырыбы мен мақсаты жазылып тұрады) Электрондық оқулықты қосу.
а) Жаңа сөздермен танысу (Интерактивтік тақтада сөздермен таныстыру) Сөздерді дәптерлеріне жазғызып, жаңа сөздерді бекіту мақсатында Элект оқулықтағы сөздік 1 тапсырма орындату. Сөздерді суретке сәйкес орындарына қою. Сонымен қатар сол сөйлемдерді өз сөйлемдерінде қолдана білу мақсатында жай сөйлемдер құрату.
 ә) Мәтінмен жұмыс Бүгін біздер жабайы аңдармен танысу үшін Хайуаннатар бағына саяхатқа барамыз. Эл оқулықта оқылым 1 тапсырма
Хайуанаттар паркінде
Біздің қалада өте үлкен хайуанаттар паркі бар. Паркті араласаң, қасқырдың бірнеше түрлерін, аюларды, қояндарды, сусиырды, пілді, түлкілерді, әр түрлі құстарды, оның ішінде тотықұстарды, балықтардың сан түрлерін, тағы басқа да хауанаттарды көруге болады. Хайуанаттар паркінде дүние жүзінде аса сирек кездесетін қызыл қасқырды байқайсың . Ол біз білетін сұр қасқырдан кішірек, түсі қызыл-қоңыр. Зоологтардың айтуынша, қызыл қасқыр Австралияның динго деп аталатын жабайы итіне ұқсас. Әсіресе, маған балықтар қатты ұнайды. Олардың түстері әр түрлі, кейбір балықтар үлкен, екіншілері ұсақ. Мәтінде электрондық оқулықта толық берілген, оқып, сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
1) Біздің қалада не бар?
2) Паркті араласаң, қандай жануарлармен кездесесің?
3) Хайуанаттар паркінде дүние жүзінде аса сирек кездесетін нені байқайсың?
4) Қызыл қасқыр қандай?
5) Ол неге ұқсас?
6) Балықтар қандай?
7) Сіздер хайуанаттар бағында болдыңдар ма? Нені көрдіңдер?
В) «Хайуанаттар паркі» деген сөздің жалғауын белгіле Г) дұрыс Тәуелдік жалғау. Кестемен таныстыру Актив студионы ашу.Бірінші беті.
І жақ Менің --м, ым, ім
ІІ жақ Сенің –ың, -ің, ң
ІІ жақ Сіздің –ыңыз, іңіз, ңыз. ңіз
ІІІ жақ Оның –сы, сі, ы, і
д) Екінші беті қасқыр, піл сөздерін тәуелдеу (ауызша)
е) Үшінші бет берілген сөздерді нешінші жақта тұрғанын белгілеу (жазбаша) Әр түрлі сөздер берілген, соларды кете бойынша дұрыс жинақтап орын орнына қою. «Сусиырың, түлкісі, қояным, қасқырыңыз, аюым. І жақ. Сенің. Оның ІІ жақ ІІ жақ ІІІ жақ Сіздің Менің» - осындай сөздердің түрлері кездеседі. Электрондық оқулықтағы сөздіктегі 2-тапсырма бекіту. 2 – тапсырма Сөз тіркестерін дұрыс орналастырыңыз
2 – тапсырма Сөз тіркестерін дұрыс орналастырыңыз
                Жабайы                жүзі
               Ұсақ                      балықтар
               Сұр                        қасқыр 
               әдемі                      ит 
                қу                          тотықұс
               ақ                           түлкі
               хайуанаттар          аю
              үлкен                     піл
              түрлі                       түсті
              дүние                      парк
Нәтижесінде 1-2 тапсырма
 1-тапсырма Сөздерден сөйлем құра
 1.Бүгін паркіне балалар барды хайуанаттар.
 2. Олар құстарды тамашалады түрлі неше паркте.
 3. Мұғалім сатып билет алды балаларға.
2- тапсырма Қалып қойған сөздерді орнына қойыңыз
1. Хайуанаттар ...... жолбарыс, ....., аю, маймыл ..... тордың ..... тұрады.
 2. Ақ аю ..... жақта өмір сүреді.
3. Сусиыр .... жақсы көреді.
4. Піл .... үлкен болады.
5. Тотықұс .... түсті.
Сабақты қортындылап келіп 10 сұрақты тест орындау
Қортынды тест сұрақтары
1. Қай сөйлем мәтінде кездеспейді?
               a) Аса сирек қызыл қасқырды байқайсың
               b) Біздің қалада хайуанаттар паркі бар
               c) Олар әр түрлі түске боянған
              d) Маған балықтар қатты ұнады
2. Мына сөйлемнің қайсысы мәтінде кездеседі?
              a) Біз жазғы демалыста тауға шықтық
              b) Апам нан сатып алды.
             c) Оқушылар футбол ойнады.
             d) Ол біз білетін сұр қасқырдан кішірек.
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді табыңыз. Хайуанаттар паркінде дүние жүзінде аса сирек кездесетін қызыл …. байқайсың
             a) Сағатты
             b) Оқушы
             c) Қасқырды
             d) Сусиырды
4. Сөз тіркестерінің қайсысы дұрыс?
             a) Балықтар қонақүйі
             b) хайуанаттар паркінде
            c) қасқырлар саябағы
            d) хауанаттар бөлмесі
5. қай сөз қате жазылған?
            a) аю
            b) тотқұс
            c) жолбарыс
            d) қызыл
6. Қызыл қасқыр неге ұқсайды№
           a) Хайуанаттар паркіндегі аңдар
           b) Ақ және сұр түсті аюларға
           c) Австралияның динго деген итіне
           d) Түрлі түсті балықтарға
7. Қайсысы хайуанаттар бағында болмайды?
           a) Маймылдар
           b) гүлдер
           c) қасқырлар
           d) құстар
8. Қай сөз қате жазылған?
           a) Қоян
           b) Жолбарс
           c) Маймыл
          d) Динго
9. Сұрақтың дұрыс жауабын табыңыз. Сен бүгін қайда бардың?
          a) Мен үй жұмысын жазып отырмын.
          b) Сағат он екі шамасында
          c) Мен бүгін хайуанаттар паркіне бардым.
         d) Кеше қаладағы саябақта дем алдық
10. Керекті сөзді орнына қойыңыз. Әсіресе маған ... қатты ұнады.
         a) Сұрақтар
         b) Оқушылар
         c) Таңертең
         d) Балықтар
 
 
скачать  с сервера                                                                                        
                                                                                       
                                                                                           презентация к уроку
                                                                                           Кроссворд к уроку
                                                                                           флипчарт (задание к уроку)
    
Поиск
Календарик
«  Октябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Погода


адрес школы: Ихсанова 111, тел: 51-36-55
Copyright MyCorp © 2017